Қоғам • 11 Қаңтар, 2026

Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі заманда алаяқтық белең алып тұр. Кез келген адам қауіпке ұшырауы мүмкін. Сондықтан өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қарапайым, бірақ маңызды ережені білгеніңіз абзал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады

Ішкі істер министрлігі төменде келтірілген бірнеше қағиданы естен шығармауды ұсынады.

Астанада бала еміне деп ақша жинаған алаяқ ерлі-зайыптыға үкім шықты

Есте сақтаңыз:

  1. SMS арқылы келген кодты ешкімге айтпаңыз;
  2. Банк картасының деректерін бөгде адамға бермеңіз;
  3. Өзін банк қызметкерімін деген бейтаныс адамға сенбеңіз;
  4. Күмән туса, банк картасында көрсетілген ресми нөмірге өзіңіз хабарласыңыз;
  5. Алаяқтық байқалса, полицияға хабар беріңіз;

Ақпаратты бөлісіп, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.

Айта кетейік, Түркия алаяқтық бойынша айыпталған күдіктіні Қазақстанға қайтарды.

Соңғы жаңалықтар