Тағайындау • 08 Қаңтар, 2026

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзат Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов спорттық мансабын аяқтап, басшылық қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзат Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Бұл жөнінде Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті.

Бекзат Жалғасбайұлы 1998 жылғы 10 сәуірде дүниеге келген. Танымал былғары қолғап шебері 2019 жылы әлем және 2024 жылы Азия чемпионы атанды. 2021 жылы Олимпиада ойындарына қатысса, 2025 жылы әлем кубогының иегері болды.

Басқарманың хабаралуынша, Бекзат Жалғасбайұлы Нұрдәулетов Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бекзат Нұрдәулетов 2015-2019 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, жоғары оқу орнын тәмамдады. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov University) «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Еңбек жолын «Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-не бокстан нұсқаушы-спортшы ретінде бастаған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Бүгін, 21:32

Қатар төріндегі қазақ рухы

Мәдениет • Бүгін, 19:12