Қоғам • 05 Қаңтар, 2026

Атырау облысында 2 көлік өртенді: 60 жастағы жолаушы қаза тапты

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол-көлік оқиғасы 4 қаңтарда сағат 19:15-те республикалық маңызы бар Атырау-Орал автожолында, «Qazaq Oil» жанармай құю бекетінің маңында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында 2 көлік өртенді: 60 жастағы жолаушы қаза тапты

Фото: Видеокадр

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2004 жылы туған жүргізуші басқарған Mercedes көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1979 жылы туған азамат тізгіндеген «Газель» көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан «Газель» көлігінің 1966 жылы туған жолаушысы қаза тапқан, 2 көлік өртеніп кеткен.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар