Экономика • 03 Қаңтар, 2026

Алматы облысында 89 млрд теңгеге жемшөп өндіретін зауыт салынады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында 89 млрд теңгеге жемшөп өндіретін зауыт салынады
Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-мен Қонаев қаласында зауыт салу туралы келісім жасады. Инвестицияның жалпы көлемі 88,8 млрд теңгеден асатын кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 100 мың тонна өнім.

– 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін нысанды салу және пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс 2031 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Зауытта 200 жұмыс орны ашылады, оның кемінде 85%-ы қазақстандықтардың үлесіне тиесілі. Сонымен қатар компания кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, қосылған құны жоғары өнімдер желісін кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірде тұрақты өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар