Фото: ЖИ
Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады. Өндіріс орны іске қосылғанда 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Ал жобаға «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС инвестор болады. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды.
«Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталады. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді», делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынған. Сондай-ақ келер жылғы экономикалық өсімді қолдау тетіктері де қаралды.