Спорт • 28 Желтоқсан, 2025

«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 «Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жазады Egemen.kz.

«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады

Футбол клубының баспасөз қызметі жергілікті команданың екі легионермен қоштасатынын мәлімдеді. 

Екі легионердің бірі – Жоэль Нганду Каямба. Конго Демократиялық Республикасының футболшысы жартылай қорғаушы позициясында ойнады.

Ол Қазақстандағы ең көп дриблинг авторының бірі ретінде танымал болған еді. Футболдағы мансабын өз еліндегі «Шаркс» командасында бастаған. Кейіннен Чехияның «Глинско», «Пршибрам» және «Виктория» (Пльзень) клубтарында доп тепті. Бұдан соң Түркияның «Самсунспор» мен «Болуспор» клубында ойнап, былтырғы маусымды «Атырауда» өткізді. 

Жоэль Нганду Каямба биыл ливиялық «Әбу Сәлим» клубында ойнады. Ал маусым айында «Атырау» футбол клубына қайта оралып, үш ойынға қатысты. 

Екінші легионер – Гана елінің фуболшысы Абдул Рашид Абубакар. Жергілікті команда құрамына биылғы жазда «Ордабасы» клубынан ауысып, алаңға сегіз рет шықты. Р

«Легионерлер «Атырау» футбол клубымен келісімшарттың аяқталуына байланысты қоштасады. Қазір клуб барлық ойыншы, оның ішінде легионер футболшылар алдындағы қаржылық міндеттемелерін толық орындады. «Атырау» футбол клубында жалақы қарызы жоқ», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар