Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025

Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та Самара – Шымкент тас жолында болған. 49 жолаушысы бар автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты

Фото: Depositphotos.com

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

«Автобус салонында Пермь – Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді», делінген хабарламада.

Дәл осы күні Шығыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37