Алматы • 31 Қазан, 2025

Алматыда ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері бас қосты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің 85-отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері бас қосты

Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары және ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы қатысты.

Дәстүр бойынша отырыс 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Әскер үйінде қонақтар Әскери-тарихи музейдің экспозициясымен танысты.

Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов кездесу күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Отырыс барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушылар ұлттық армиялардың жауынгерлік қабілетін дамыту мен нығайтудың негізгі бағыттарын талқылап, әскери қызметшілерді даярлау, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ жеке құрамды тәрбиелеудің маңызды бөлігі ретінде әскери-патриоттық жұмыстың және жауынгерлер ерліктерін есте сақтаудың маңызы атап өтілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша қорғаныс министрлері Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35