Ауа райы • 28 Қазан, 2025

Бүгін ауа райы қандай болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 28 қазан күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ауа райы қандай болады

Фото: istockphoto.com

Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Ал елдің солтүстік, солтүстік-батыс және орталық бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Түнде және таңертең кей аймақтарды тұман басуы ықтимал. Батыс пен оңтүстікте ауа температурасы төмендеп, күн салқындайды — +9…+17°С шамасында болады.

Астана қаласында бүгін күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз, күндіз +9…+11 °C, түнде –1…–3 °C. Ал, Алматыда ауа температурасы күндіз +16…+18 °C, түнде +8…+10 °C, кей жерлерде жауын жауады. Шымкентте күн жылырақ — +21…+23 °C, түнде +9…+11 °C шамасында, кей уақытта жаңбыр жаууы ықтимал.

Сонымен қатар метеорологтар қолайсыз ауа райы жағдайлары Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей, Астана және түнгі уақытта Атырау қалаларында байқалуы мүмкін екенін ескертті. 

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38