Пікір • 15 Қазан, 2025

Жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент­тік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталғанын еске салды.

Жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей

Сурет: gov.kz

Мемлекеттік құрылысы­мыздың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» басты формуласы өзгеріссіз қалады. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болады. Сондай-ақ шамамен 10 Конституциялық заңға және 50 кодекс пен заңға өзгерістер енгізу талап етіледі.

Жұмыс тобының міндеті – парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сол ұсыныстардың негізінде Конституцияға енгізі­летін түзетулер жобасы дайындалып, кейін республикалық референдумға шығарылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, түптеп келгенде алдағы өзгерістер мен толықтырулардың ауқымы жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей.

 

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші

 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55