Экономика • 03 Қаңтар, 2025

Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанына 11 ай өтті. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: ашық дереккөз

«Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Жалпы алғанда, Министрлер кабинеті бұл міндетін орындап отыр. Экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту сияқты бағыттар бойынша былтыр атқарылған жұмыстың нәтижелері жаман емес. Алайда бәрі мінсіз деуге келмейді, проблемалар да бар», деді Президент сұхбат барысында.

Мемлекет басшысы министрлерден неғұрлым тиімді жұмыс істеуді және шешім қабылдағанда батыл болуды үнемі талап ететінін тілге тиек етті. Себебі қоғам да Үкіметтің жұмысына жоғары талап қояды.

«Бұл – өте орынды әрі қалыпты жағдай. Сондықтан Үкіметтің жұмысы нақты нәтижеге орай, әділ бағаланады. Басты көрсеткіш – азаматтардың тұрмыс сапасы. Экономикадағы жетістіктер адамдардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізбесе, оны әншейін сөз жүзіндегі жетістік деуге болады.

Жуық арада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Сол кезде жылды қорытындылап, қазіргі мәселелерді талқылап, жаңа жоспарлар жасаймыз. Қазақстанға экономиканың 4 пайыздық өсімі аздық ететіні анық. Бұл туралы шетел өкілдеріне де айтып жүрмін. Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуға тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25