Осы бағытта халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Астана қаласы бойынша филиалы талай тартымды іске бастамашыл болып, маңызды жобаларды жүзеге асырды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуге ынталы тіл жанашырларының басын қосқан іргелі ұйым қазақ мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, тілді қолдану мен оны үйретуде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану бағыттарына назар салады. Мәселен, соңғы жылдары көпшілік қолдауына ие болған Астана, Қостанай, Атырауда атқарылған «Көрнекі» жобасы мен шекара сыртында таныла бастаған «Tildes.kz» қазақша сөйлеcу клубын ерекше атап өту қажет.
«Көрнекі» жобасының мақсаты – еліміздегі тұтынушылардың қазақ тілінде қызмет алу құқығын қорғау үшін жергілікті қоғамдық орындардағы көрнекі ақпараттың сапасы мен санын жетілдіру. Ілкімді бастама кәсіпкерлік нысандардың тілге қатысты заңнаманы қатаң сақтауына ықпал етіп отыр. Мәселен, былтырдың өзінде жоба аясында Тіл туралы Заңның 21 бабына бағытталған арнайы нұсқаулықтар арқылы білімін арттырған еріктілер Астана қаласындағы 3 мыңнан аса нысанға мониторинг жүргізген.
Ал, талайды «мен енді қазақша сөйлеуден қысылмаймын, күнделікті қажеттілігімді қазақша сұрап, қазақша айтамын» дегізіп отырған «Tildes.kz» спикинг клубының жөні тіптен бөлек. Бұл жобаны тіл жанашырлары 2022 жылы ашқан.
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Астана қаласы бойынша филиалы ойлап тапқан келесі үздік жоба – «Тәтті ертегі» жобасы. Мақсат 6 жасқа дейінгі балаларға қазақ тілінде сапалы ертегілерді тыңдату арқылы тіл үйрету. Бастама «Тәп-тәтті» кондитерлік желісімен бірлесе іске асқан. Бір уақытта 8 жерде ұйымдастырылып, 80-ге жуық бала ертегі тыңдап, ұлттық құндылық дәріптелді.
Тағы бір тың төл туынды – «Qazaq_camp» балаларға арналған тіл үйрету лагері. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы қызметінің тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы» Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 5 ақпандағы №55 бұйрығын іске асыру мақсатында ата-аналармен бірге жазғы лагерь ұйымдастырылды. Онда 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға қазақ тілін «Tildes.bala» қазақша сөйлесу клубы арқылы қызықты әдістемемен үйретіп, бірнеше бала тегін лагерьмен қамтамасыз етілді. Таяуда бастама «Ең үздік этно лагерь» статусына ие болды.
Бұл жоғарыда аталған жобалардың жетекшісі – халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Астана қаласы бойынша филиал төрағасы, педагог, журналист Лариса Алдаберген. Қоғам белсендісі 2018 жылы филиалда жауапты хатшы, 2020 жылы төраға орынбасары, кейін 2023 жылдан бастап жетекшілік лауазымды атқарып келеді.
Бүгінде «Қазақ тілі» қоғамының Жарғысына, филиалдарының ережесіне сәйкес Филиал кеңесі де белсенді қызмет етіп отыр. Тіл жанашырлары сапында Назарбаев университеті, ЕҰУ, Тұран сынды бірқатар ЖОО профессор, доценттері өзге де Астанадағы білім саласының білікті педагогтары, қоғам белсенділері және белгілі кәсіпкерлер бар.
Руханият • 19 Тамыз, 2024
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру міндет
Ана тілдің қолдану аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда тағы бір мәрте айшықтап берді. Мемлекет басшысы қазақ тілінің тұғырын нығайтуда құр сөзбен емес, нақты әрекетке көшу қажет екенін баса айтты.
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06
18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды
Заң • Бүгін, 09:55
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 08:30