Бокс • 02 Маусым, 2024

Олимпиадаға жолдама: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші мүмкіндігін сәтті пайдаланды

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады. Команда сапын екінші мүмкіндігінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы толықтырды, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадаға жолдама: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші мүмкіндігін сәтті пайдаланды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы 3 жолдама жеңіп алды. 

21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші кезеңде молдовалық Александру Парасчивтен басым түсті. Қорытынды есеп 5:0.

Осылайша, отандасымыз 63,5 келідегі Париж Олимпиадасында жүлдеге таласады.

Айта кетейік, бұған дейін Валентинова Хальзова (75 кг) мен Назым Қызайбай  (50 кг) Таиланд төрінде жолдамаға қол жеткізген еді.

оо

 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40