1992 жылғы алғашқы санынан бастап, өз оқырмандарының сүйікті басылымына айналған (алғаш газет, кейіннен журнал болып шыққан) “Ғажайып Үндістан” журналының кезекті саны жарық көрді.
Журналдың жаңа саны “Ұлы Жеңіске – 65 жыл” айдарымен берілген “Сартай ақынның майданнан жолдаған толғау-хаты” ерлік дастанымен ашылған. Бұл санда “Елтану ендігі” айдарымен айқара бетке Қазақстан Республикасының Әнұраны және Үндістан Республикасының әнұраны жарияланған. Журнал беттерінен “Достықта жоқ шекара” айдарымен ұсынылған Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ашок Саджанхардың “Үндістан мен Қазақстан достық қарым-қатынастарының жаңа серпіні” атты барша қазақстандықтарға жолдауын, “Үнді-ақпарат” айдарымен берілген “Қазақстандағы Тагор мүсіні”, “Үнді ән-биінің Гала-концерті”, “Калпана” – үнді картиналарының көрмесі”, “Үндістанның үздік тауарлары” – Алматыда” атты топтама материалдарды оқи аласыздар.
“Ғажайып Үндістан” журналының дәстүрлі “Үнді киносы” қосымшасынан (журнал ішіндегі журналдан) оның осы сандағы басты кейіпкері Айшвария туралы “Айшвария Рай Голливудты табындырған үнді аруы” атты айшықты бөлімді, “Менің атым – Хан”, “Шахрух Хан: “Мені әуелеткен – әріптестерім”, жұлдызды шағында қапыда дүниеден озған аяулы актриса Смита Патиль туралы “Шынайылықтың шыңы” атты материалдарды оқуға болады.
Сондай-ақ, оқырмандарды Үндістан Республикасы күніне орай жарияланған “Аңсатқан арайлы азаттық” атты тарихи очерк, “Наурыз! Холи!..” айдарымен берілген (бұл атау журналдың дәстүрлі айдары болмақ) А.Шымырбайұлының “Рухы ортақ қос мейрам”, Алматы қаласындағы М.Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі А.Жуасбаеваның “Жүректің көзі ашылса...” – Абай, Шәкәрім, Махатма Ганди ой-ілімдерінің сабақтастығы хақында” атты зерттеу мақаласы, “Бұлан мен Қырғауыл” (Шығыс ертегісі) атты аңыз-дастан бейжай қалдырмасы анық.
Журналдың тұрақты оқырмандарының есіне: “Ғажайып Үндістан” журналының 2007-2010 жылдары жарық көрген 1, 2, 3, 4 (22 – 25) сандарын алдыру үшін мына мекен-жайға хабарласу керек: инд.: 485000, Алматы қаласы, Бас пошта, №417 абонемент жәшігі.
e-maіl: gazhab_hіndustan@maіl.ru Тел.: 398-54-37.

Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Бүгін, 11:42
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 11:27
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:40
Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 10:27
Алматыда 16 шетелдік елден шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 09:06
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше