фото: ҰОК
Бірінші күннің бағдарламасында әйелдер арасында скиатлон сайысы (10 шақырым + 10 шақырым) өтті.
Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы жарыс жолына шықты. Ксения Шалыгина 53-орынға табан тіресе, Надежда Степашкина 60-орынды иеленді.
Олимпиаданың алтын жүлдесін Швеция спортшысы Фрида Карлссон жеңіп алды. Екінші орында да швециялық Эбба Андерссон тұрса, қола жүлде Норвегия өкілі Хейди Венгке бұйырды.
Айта кетейік, бүгін сағат 20:00-де конькимен жүгіру (3000 метр, әйелдер) сайысында ел намысын Елизавета Голубева мен Надежда Морозова қорғайтын болады.