Спорт • 25 Мамыр, 2023

Путинцева – үшінші кезеңде

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марокконың астанасы – Рабатта өтіп жатқан WTA-250 турнирінде Қазақ­станның екінші ракеткасы Юлия Пу­тинцева үшінші кезеңге шықты.

Путинцева – үшінші кезеңде

Жүлде қоры 259 303 АҚШ долларын құрайтын жарыстың тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз 17 жасар жергілікті ойыншы Ая әл-Ауниден 6:1, 6:4 есебімен айласын асырды. Келесі кезеңде де жеңіске жету Пу­тинцеваға еш қиындық туғызған жоқ. Әлемдік рейтингте 129-орында тұрған фран­циялық Леолия Жанжан жерлесімізге жарытып қарсылық көрсете алмады. 1 сағат 14 минутқа созылған бәсеке 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. Енді ол Хулио Реара­мен сайысқа түседі. Аргентинаның өкілі WTA тізімінде небәрі 552-орынды қанағат тұтқанымен, алғашқы айналымдарда Кристина Младенович (Франция) пен Маяр Шериф (Мысыр) секілді белгілі теннисшілерді ұтып, көпшілік назарын өзіне аударған еді.

Францияның Лион қаласында өтіп жат­қан АТР-250 додасында Александр Не­довесов пен мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела жұбы ширек финалда сүрінді. Олар АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері Раджив Рам мен Джо Солсбериге 4:6, 6:3, 7:6 есебімен жол берді.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55