Қоғам • 10 Мамыр, 2023

Ішкі істер министрі есірткімен ұсталған полицейге қатысты пікір білдірді

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қостанай облысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталған полицейге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ішкі істер министрі есірткімен ұсталған полицейге қатысты пікір білдірді

«Шынымен де жақында полицей ұсталды. Қылмыс жасаған әр адам біздің заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Аталған күдікті қамауға алынды. Қазір қызметтік тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша кінәлілер анықталса, заң аясында белгіленген жауапкершілікке тартылады», деді М.Ахметжанов Мәжіліс алаңында.

Сондай-ақ министр облыстық ішкі істер органының басшылығы да жауапқа тартылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38