Спорт • 30 Қыркүйек, 2022

Квочкинді еске алады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан осы аптаның аяғында өтетін Қазақстан Премьер-лигасының XXI тур ойындары еліміздің белгілі аяқдоп шебері Сергей Квочкинді еске алуға арналады.

Квочкинді еске алады

Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Сергей Прокопьевич 1938 жылдың 6 қазанында Өскеменде туып-өсті. Ол отба­сындағы 12-перзент еді. Бозбала шағынан футболға қызыққан Квочкиннің жұлдызды сәттері «Қайратта» өтті. 1959-1969 жылдар аралығында алматылық клубтың сапында 292 рет жасыл алаңға шыққан шабуылшы қарсыластары қақпасын 74 мәрте дәл көздеді. Бұл – сол кездегі қазақстандық футболшылар арасындағы ең үздік көрсеткіш еді. Сергей 1962 жылы КСРО клубтары құрамы сапында Оңтүстік Америкада өткен жолдастық кездесулерге қатысты. Сол кезде ол Рио-де-Жанейродағы әйгілі «Маракана» стадионында Бразилияның олимпиадалық командасының қақпасына жеңіс голын соқты.

Үлкен спорттан қол үзгеннен кейін Сергей Квочкин Қазақстанның бірқатар клу­бын жаттықтырды. Ол 2009 жылдың 29 желтоқ­санында 70 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37