Пікір • 29 Наурыз, 2022

Magyarnemzet.hu: «Бұл реформалар Жаңа Қазақстанның іргетасын қалайды»

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауында президенттік жүйені реформалауға, Парламенттің рөлін күшейтуге, Конституцияны өзгертуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев «суперпрезиденттік» басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік формаға көшуді ұсынды.

Magyarnemzet.hu: «Бұл реформалар Жаңа Қазақстанның іргетасын қалайды»

Жарияланған шаралар Конс­титуцияның 30-дан астам бабына және ғалымдардың, сарап­шы­лардың, қоғам қайрат­керлері­нің, саяси партиялар мен қоғам­дық ұйымдардың ұсыныс­тары негізінде қабылданған 20-дан астам заңға түзетулерді қамтиды.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, мұн­дай жүйе атқарушы билік инс­ти­тут­тарының оңтайлы тең­гері­мін сақтай отырып, елдің тұ­рақ­ты дамуына ықпал етеді. Пре­зи­дент мемлекеттің ұзақмерзім­ді мүдделері маңызды екенін атап өтті. Шаралар Прези­дент­тің өкілеттіктерін шектеуді қамтиды, соған сәйкес Мемле­кет басшысы әкімдерді қызметі­нен шеттете алмайды, ал олар­ды таға­йын­дау мәсли­хаттар­дың келі­сімі­мен ғана жүргізілуі мүмкін.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев Парла­мент сайлауында (төменгі палатада) партиялық тізімдер бойынша пропорционалды сайлаудың қолданыстағы жүйесін аралас, пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесімен алмастыруды ұсынды. Қ.Тоқаев сондай-ақ сайлау процесін жаңғыртуды, оның ішінде кәсіби өңірлік сайлау комиссияларын және бірыңғай электрондық сайлау базасын құруды дұрыс деп есептейді.

Президент елдің Консти­туциялық сотын қайта құруды және өлім жазасын жоюды заңнамалық түрде бекітуді ұсын­ды. Президент азаптауды қолдана отырып жасалған қыл­мыстарды тергеуді осы бағытқа жауап беретін жеке органға жүктеуді және отбасылық зор­лық-зомбылықпен тиімді күре­суді атап өтті.

Елдің экономикалық қиын­дықтары туралы айта келе, Қ.Тоқаев Қазақстанның дағ­дарыс­тан шығу үшін ресурстары бар екенін жеткізді. Бұл үшін Үкімет дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді пакетін шұғыл іске асырып, ең алдымен ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38

Заманымыздың заңғар тұлғасы

Руханият • Бүгін, 08:35

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33