Теннис • 26 Қаңтар, 2022

Данилина – жартылай финалда

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жұптық сындағы бі­рінші ракеткасы Анна Данилина Аус­тралия ашық чемпионатының жұп­тық бәсекесінде жартылай фи­налға жолдама алды.

Данилина – жартылай финалда

Қазақстандық теннисші Мельбурндегі додада бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон мен ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда швециялық-ресейлік жұп басым­дық танытты – 6:4. Екіншісінде Анна мен Беатрис есе қайтарды – 7:5. Ал үшінші – ше­шуші сетті қазақстандық-бразилиялық жұп жеңіспен тәмамдады – 6:3. Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма мен Ена Шибахарамен күш сынасады. Олар ширек финалда хорватиялық Петра Мартич пен америкалық Шелби Роджерс жұбын 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ дәл осы турнирдің жасөс­пірімдер арасындағы бәсекесінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова да жұптық сын­ның үшінші айналымына шықты. 17 жас­тағы Аружан ресейлік Екатерина Хай­рут­диновамен бірге екінші айналымда гре­кия­лықтар Михаэла Лаки мен Димитра Павлуды 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55