Әлем • 27 Желтоқсан, 2021

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында ши шықты

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Тәжік­стан­мен шекарадағы шие­ле­ніс­ке байланысты шекарашылар қызметін күшейтті.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында ши шықты

Қырғыз шекарашыларының мәліметі бойынша, сенбіде Қырғызстанның Дамба мен Мақсат ауылдарының маңындағы шекарада Тәжікстанның әскери күштері жиналып, шекара бекеттерінің бірінде миномет орнатқан. Осыдан кейін көп ұзамай Эки-Таш аймағында оқ атылыпты. Тәжікстан азаматтары қақтығысты тоқтату үшін қырғыз шекарашыларының көліктеріне тас лақтырған.

Оқиғадан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара заставалары басшылары кездесті. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша шекара нарядтарын қою шешімі қабылданды. Тәжік тарапы бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатқанын хабарлады.

Қазір жағдай салыстырмалы түрде тұрақты екені хабарланды. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне қарасты Шекара қызметі аталған аймақтағы жағдайды өз бақылауына алған.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32