Оқиға • 29 Қазан, 2021

Көлікке тиелген 12,2 тонна мақта жанып кетті

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жүк көлігінің тіркемесіне тиелген 12,2 тонна мақта жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлікке тиелген 12,2 тонна мақта жанып кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 28 қазанда сағат 16:15-те болған.

«Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөліміне «Доссор-Құлсары» тасжолының бойында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер аудан орталығы – Мақат кентінен 55 шақырым қашықтықтағы оқиға орнына сағат 17:30-да жетті. Тәжікстан Республикасынан Түркия Республикасына бағыт алған «Scania-R420» маркалы жүк көлігінің тіркемесіндегі салмағы 12,2 тонна мақта орамдары толықтай жанып кеткені анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37