Оқиға • 30 Маусым, 2021

ҚР ІІМ министрі Рустам Джураевпен кездесті

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Өзбекстан Ұлттық ұланымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ІІМ министрі Рустам Джураевпен кездесті

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жайы талқыланды.

Қазақстан ІІМ мен Өзбекстан Ұлттық ұланы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Осы халықаралық шарт екі ведомствоның қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операциялар жүргізу, сондай-ақ кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылы үшін құқықтық негіз болады.

Кездесуге қатысқан тараптар қол қойылған келісім екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар