27 сәуірде түн ортасында Райымбек ауданында екі полицей арасында жанжал шыққан. Салдарынан олардың бірі ауыр жарақатпен Нарынқол аулындағы ауруханаға жатқызылды.
«Анық-қанығын білу үшін оқиға орнына бардым. Нәтижесінде жағдай анықталды. Осы факт бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады. Сонымен қатар жедел қызметтегі кемшіліктер және жеке құрамға бақылауды әлсіреткені үшін сыртқы қызметтердің жұмысын қадағалайтын аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды», деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.
Әріптестер арасындағы қақтығыс кезінде сол жақта болған қызметкерлер де жұмыстан шығарылып, бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.
Қазіргі уақытта жамбасына оқ тиген жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық.