5 389 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 351 адам, анықтамасыз 38 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 23 рейс, 2 988 жолаушы, анықтамамен – 2 970, анықтамасыз – 18;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 419 жолаушы, анықтамамен - 1 406; анықтамасыз - 13;
Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 836 жолаушы анықтамамен келген;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 19 жолаушы анықтамамен келген;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы, анықтамамен - 120; анықтамасыз - 7.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 27 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.