Қоғам • Бүгін, 18:28

Атырау маңында батпақта қалған 12 жолаушы құтқарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше кешкісін Атырау қаласындағы Бесікті ауылы маңында демалыс орындарының бірінің жанында 3 жеңіл автокөлік батпаққа батып, қозғала алмай қалған, деп жазады Egemen.kz.

Атырау маңында батпақта қалған 12 жолаушы құтқарылды

Фото: Видеокадр

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер бедерінің күрделілігі мен тұрақты байланыс желісінің жоқтығын ескере отырып, құтқарушылар жоғары өтімді техника мен спутниктік байланыс қолданды.

«Нәтижесінде 12 адамның барлығы, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ», дейді мамандар.

Қарағандыда құтқарушылар терезе алдында отырған баланы аман алып қалды

ТЖМ тазартылмаған және батпақты жолдарда, әсіресе түнгі уақытта жеңіл автокөлікпен жүруден бас тартуды ескертеді.

SOS сигналы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды

Соңғы жаңалықтар