Экономика • Бүгін, 11:44

Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 2 есеге арттыруды көздеп отыр

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық CERAWeek конференциясында Қазақстан мұнай-газ саласын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды. Іс-шара барысында елдің жаһандық энергетика нарығындағы орны мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 2 есеге арттыруды көздеп отыр

Фото: Ашық дереккөз

Конференция аясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Мұнай нарығының жаһандық болжамы: негізгі факторлар мен геосаяси турбуленттік» сессиясына қатысып, Қазақстанның сенімді энергия жеткізуші ретіндегі позициясын сақтау маңызды екенін атап өтті.

Министр өз сөзінде саланың алдында тұрған өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмысын сақтау – басты басымдықтардың бірі екені айтылды. Өйткені дәл осы бағыт арқылы отандық мұнайдың негізгі бөлігі экспортталады, сондықтан оның үздіксіз жұмысы ұлттық экономика үшін шешуші мәнге ие.

Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?

Сонымен қатар Қазақстан экспорт бағыттарын әртараптандыру саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл ретте Қытай Халық Республикасы бағытына шығатын маршруттарды дамыту көзделген. Дегенмен, КҚК экономикалық тұрғыдан ең тиімді әрі негізгі тасымалдау арнасы болып қала береді.

Жиында инвестициялық ахуалды жақсарту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Министрдің айтуынша, геологиялық барлау мен көмірсутек өндіруге жаңа инвестициялар тарту үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған.Жақсартылған үлгілік келісімнің жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Қазақстан мұнайы неге күрт қымбаттады?

Сондай-ақ мұнай-химия саласын дамыту жоспары таныстырылды. Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 2 есеге арттыруды көздеп отыр. Бұл бастама ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азиядағы мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстанның CERAWeek конференциясына қатысуы халықаралық энергетикалық қауымдастықпен ашық диалог орнатуға және жаһандық сын-қатерлер жағдайында теңгерімді саясат жүргізуге дайын екенін көрсетеді.

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 112 доллардан асты

Соңғы жаңалықтар