Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Атырауда түрмедегілер үшін онлайн-дүкен ашылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы түрмеге қамалғандар үшін онлайн-дүкен жұмыс істейді.  

Атырауда түрмедегілер үшін онлайн-дүкен ашылды

УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады.

«Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырғандар мен жазасын өтеу үшін шаруашылық қызметіне қалдырылғандар бар. Енді олардың туыстары үйден шықпай-ақ, арнайы қосымша арқылы тауарларды таңдауына болады. Содан соң таңдаған тауарлардың тізімін мекемеге жібереді. Мекемемен келісім-шартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты қабылдайды. Ал тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына жетеді» дейді Қаламқас Әшірхан.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәмхана отқа оранды

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:13