Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020

Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қылмыс барлық бағыт бойынша 47,8%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов брифингте хабарлады.

Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді

Сонымен қатар Алматы қаласында жыл басынан бері стационарлық полиция бекеттеріне жеті мыңнан астам азамат жүгінген. 

«Криминогендік жағдайды егжей-тегжейлі талдау негізінде қала әкімінің тапсырмасы бойынша 41 стационарлық модульдік полиция бекеті орнатылды, оның төртеуі туристік полицияға арналған және 37-і ең криминогенді аудандарға орналастырылған. Модульдік бекеттерде күндіз учаскелік инспекторлар, түнде патрульдік полиция полкінің екі инспекторы қызмет атқарады. Орнатылған модульдік полиция бекеттері қаладағы қылмыс жағдайының оңалуына әсер етті. Стационарлық бекеттер қойылып, жаяу патрульдер саны көбейтілген жерлерде құқық бұзушылықтардың азаюы байқалады, алғыс білдірген жергілікті тұрғындардың көптеген оң пікірлері бар, бұл олардың жұмысының тиімділігін көрсетеді. Бұл аудандарда қылмыс орта есеппен 60%-ға төмендеді», деді Қанат Таймерденов.

Стационарлық полиция бекеттері орнатылған сәттен бастап жеті мыңнан астам азамат өтініш білдірді, олардың өтініштері бойынша 43 қылмыстық іс, 2 мың 200 әкімшілік іс қозғалды, 816 өтініш бойынша шаралар қабылданды, 949 азаматқа заңгерлік көмек және кеңестер берілді.

Жалпы, 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қалада қылмыс барлық бағыттар бойынша 47,8% төмендеді. Сонымен қатар модульдік посттар орнатылған жерлерде қылмыс деңгейі орта есеппен 60% төмендеді.

Қазіргі уақытта тағы 7 модульдік постты бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58