Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 27 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы«сары» аймаққа енді.
Ал «қызыл» аймақта Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары тұрды.
Ал инфекцияның таралуы бойынша «сары» аймаққа Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы кірді. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.
Айта кетейік, Қазақстанда 26 желтоқсанда 776 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 151 727 жетті.