Әлем • 01 Қараша, 2020

Измирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42-ге жетті

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Измирдегі жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Измирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42-ге жетті

"Таңғы 05:30-да 786 афтершок болып, оның қырқының күші 4 балдан жоғары болды.

Жараланған 896 адамның 667-сі жазылып шықты, қалған 229 адам емін жалғастыруда", делінген хабарламада.

Айта кетейік, жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.

Соңғы жаңалықтар