Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Балабақшалар жұмысы жолға қойыла бастады

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл  туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Маңғыстау: Балабақшалар жұмысы жолға қойыла бастады

16 наурыздан бастап облыстағы барлық білім беру ұйымдарының кейбірінің жұмыстары қашықтан оқыту режиміне өтсе, кейбірінің жұмысы мүлде тоқтатылған болатын. Ал, а.ж. 7 мамырдағы облыстың бас санитар дәрігерінің «Карантин шараларын өзгерту туралы» №18 ПГСВ қаулысына сәйкес бұдан былай білім беру ұйымдары келесі режимде жұмыс жасайтын болады.

Балабақшаларда кезекші топтар ашылып, тәрбиеленушілердің ата-аналарының жұмыс орындарынан анықтама талап етіледі.

Қазіргі кезде Бейнеу, Маңғыстау аудандарында  балабақшаларды ашуға тауарлар мен көрсетілген қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімдерінен рұқсат берілген жоқ. Басқа аудан, қалаларда 118 балабақшада 1803 бала келеді.

Қазіргі кезде басқарма тарапынан келесі жұмыстарды үйлестіруге тапсырма берілді, олар:

- Балабақша қызметкерлерін COVID-19 вирусына анықтайтын ПЦР анализін анықтау тесттерінен өткізу;

- Балабақшалардағы санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтау, оның ішінде балаларды тәрбиешілердің аула сыртынан қабылдап, тапсыруы, күнделікті жұмыс соңында ойыншықтар мен ыдыс аяқ, жиһаздарды дезинфекциялауы және т.б. жұмыстар;

- Кезекші топтарда әртүрлі жас топтарының балалары болғандықтан оларды кіші топтарға бөлу және оларға  оқу жоспарларын әзірлеу.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10