Спорт • 27 Сәуір, 2020

Осыдан дәл 112 жыл бұрын Лондон Олимпиадасы басталған еді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 112 жыл бұрын, яғни 1908 жылдың 27 сәуірінде Лондон Олимпиадасы басталды. Төртінші рет ұйымдастырылған жазғы ғаламдық ойындарда 22 мемлекеттен келген 2008 спортшы бақ сынады.  Олар 22 спорт түрі бойынша 110 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Осыдан дәл 112 жыл бұрын Лондон Олимпиадасы басталған еді

Олимпия ойындарының жалпы командалық есебінде Ұлыбритания құрамасы көш бастады. Жарыс қожайындары 146 (56 алтын+51 күміс+39 қола) жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ АҚШ (23+12+12), Швеция (8+6+11), Франция (5+5+9) және Германия (3+5+5) сынды мемлекеттер үздік бестіктің қатарынан көрінді.

Жекелеген спортшылар арасында ең зор нәтижеге ұлыбританиялық жүзуші Генри Тэйлор мен америкалық жеңіл атлет Мелвин Шепперд қол жеткізді. Олардың әрқайсысы үш алтыннан олжалады. Сонымен қатар, ұлыбританиялық Бенджамин Джонс (2+1+0), Джозайя Риччи (1+1+1), Томас Рэнкен (0+3+0), швециялық Оскар Сван (2+0+1), америкалық Мартин Шеридан (2+0+1) сынды саңлақтар да үш реттен жеңіс тұғырына көтерілді.  

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10