Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Қарағандылық түлектер құрбы-құрдастарына үндеу жариялады

1060 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы №23 орта мектептің түлектері мектеп бітіру кешін той-думанға айналдырудан бас тартқан алматылық құрдастарының челлендж бастамасын қолдап, бейне үндеу жариялады.

Қарағандылық түлектер құрбы-құрдастарына үндеу жариялады

Онда қарағандылық түлектер отшашу атып, лимузин жалдап, мейрамханада кеш ұйымдастырып, ақшаны құр бос шашқанша, ол қаржыны қайырымдылыққа жұмсағанның әлдеқайда абзал екенін айтты.

Жалпы, бұл акция ел астанасындағы №29 орта мектепте бастау алған болатын. Челленджді бірінші болып Алматы қаласындағы түлектер іліп әкеткен еді.

Қарағандылық түлектер басқа да құрбы-құрдастарын бұл игі бастамадан шет қалмауға шақырды. Ал өздері 12 маусым күні қазіргі уақытта құрметті демалыста жүрген мұғалімдердің үйлеріне барып, оларға алғыс айтуды жоспарлап отыр.

Қарағанды облысы


Соңғы жаңалықтар

Өзі оқымас – оқытпас

Пікір • Бүгін, 13:45

Инженерия баспалдағы

Digital • Бүгін, 13:10