Ақтыс сайыста М. Жұмабаев ауданының намысын қорғаған «Бастомар» командасы мен Аққайың ауданының құрамасы кездесіп, алдыңғысы 10:3 есебімен ойсырата жеңді. Сөйтіп, ауыспалы кубок пен 300 мың теңге сыйақыны жеңіп алды. Петропавл қаласының командасына 200 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Аққайыңдықтар үшінші орынды еншіледі.
«Біздің команда 2003-ші жылы құрылған болатын. Содан бері жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Биылғы маусымға өте тиянақты дайындалдық. Негізінен жастарға сенім артылды», дейді «Бастомар» командасының капитаны Иван Калиниченко.
Жарыстың бас төрешісі Александр Нелюбовтың айтуынша дәстүрлі турнир жергілікті жерлерде хоккей спортын дамытуды, жастардың қызығушылығын арттыруды, саламатты өмір салтын насихаттауды діттейді.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы