Қол қою рәсімі барысында Ислам Республикасы Ақпарат Агенттігі Басқарушы директоры Мұхаммад Ходади аталмыш келісім екі ел арасындағы ақпарат алмасу саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуды, достық қарым қатынастар мен бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жемісті жұмыс етуді қарастырады деп атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің Бас директоры Асқар Омаров бұған дейін 22 халықаралық агенттіктермен меморандумдарға қол қойылғанын тілге тиек етті.
«Осы жылы біздің ақпараттық агенттік Қытай, Германия, Түркіменстан сияқты елдермен 5 меморандумға қол қойды», деді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»