Бокс • 27 Тамыз, 2017

Фируза Шарипова Астанада екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
 

Фируза Шарипова Астанада екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Бірінші раундтан бастап Фируза қарсыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырып, белсенділігін байқатты. Болгар қызы қорғаныста жұдырықтасып, сәті түскенде ғана шабуылдаумен болды. Раунд сайын қарқынын арттыра түскен отандасымыз дөп соққыларымен алға оза түсті. Милена Колева да тәжірибелі екенін байқатты. Екі бірдей чемпиондық атақ сарапқа салынатын жекпе-жекке дайындалып келгені байқалды.

Фируза 8 раунд бойы соққы жасап баққанмен, Милена жекпе-жек соңына дейін шыдап бақты. Дегенмен кездесуде отандасымыз айқын басымдығын танытты. Төрешілердің барлығы Фирузаны жеңімпаз ретінде таныды. Милена Колеваны жеңген Фируза Шарипова WIBA және WBU нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді.

- Мені қолдауға келген баршаларыңызға алғысымды білдіремін. Жаттықтырушыларым мен ата-анама рақметімді айтамын. Бұл жеңіске үлкен еңбектің арқасында қол жеткіздік. Командама рақмет. Алға, Қазақстан, - деді боксшы. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40