Балалар керемет цирк қойылымының көрермені болатын бұл күнді асыға күтуде. Кішігірім мерекені балақайларға билет сыйлап, «Мәдениет» ұйымының нұротандықтары ұйымдастырды. Аталмыш акция «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жыл сайынғы жобасы аясында жүзеге асуда.