Кездесу барысында энергетика, машина жасау, металлургия, көлік және логистика, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге, Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының отырысында қол жеткізілген сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.