Жуырда Өскеменде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігінің мұрындық болуымен «Адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы
БАҚ-тың рөлі» тақырыбында І республикалық журналистер форумы өтті.
Тағылымды шараға ҚМДБ-ға қарасты еліміздің барлық өңірлеріндегі баспасөз хатшылары, журналистер, ғалымдар, діни бірлестік жетекшілері, жастар мен аймақтың имамдары қатысты.
– Соңғы жылдары ғаламтор беттерінде, ақпарат құралдарында үнемі болмаса да, ара-тұра асыл дінімізге нұқсан келтіретін ұшқары ой-пікірлер мен әртүрлі мақалалар жарияланып жүр. Мұның бәрі білместіктен, дұрыс түсінбегендіктен туындайтыны белгілі. Сондықтан дін тақырыбын жазғанда журналистер қауымы елімізде діни алауыздық тудырмайтындай, керісінше елдің бірлігін бекемдеп, жұртты имандылыққа, ізгілікке шақыратын дүниелерге көбірек қалам сілтесе деген ізгі ниетпен ұйымдастырып отырмыз бұл шараны, – деді ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай форумды ашқан сөзінде.
Форумда баяндама жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Сыдықов журналистер дін тақырыбын қаузағанда сенсация іздегеннен гөрі, жұртқа тағылым-тәрбие, үлгі-өнеге беретін дүниелерге көңіл бөлсе, бұл мәселеге байыптылықпен, салмақтылықпен, жауапкершілікпен қараса деген тілегін жеткізді.
– Анық-қанығына көз жеткізілмей, асығыстықпен, қалай болса солай жарияланатын материалдар көбейді. Мәселен, «Мешітте аяқ киім ұрланды», «Молда ақша сұрады», «Мешітте төбелес шықты» деген секілді ақпараттарды жұрттан сүйінші сұрағандай апыл-ғұпыл жариялауға асығатын әріптестеріміздің қатары азаймай тұр. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дегендей, бұдан кейін бұл ақпаратты қанша жерден теріске шығарсаң да, халық арасында алғашқы естіген немесе оқыған ақпарат қалып қояды. Кейін жүз дәлел келтірсе де, сол адам туралы қоғамда теріс пікір қалыптасады. Дін – нәзік тақырып. Оны рейтинг көтеру бағытында пайдаланбағанымыз абзал, – деп пікірін білдірген ол дін тақырыбын жазатын журналистер мақалаларын жарияламас бұрын басқармаға жүгінсе, деген ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ, ол осы тақырыпта қалам тербейтін журналистердің кәсіптік этикасы туралы кодекс қабылданса, жоғары оқу орындарында діни тақырыптарда қосымша дәрістер оқылып, арнайы факультативтер ашылса деген сияқты бірқатар тілегін айтты.
Өзекті мәселе төңірегінде әңгіме өрбіген жиынға өңірдегі өзге діннің өкілдері де қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.
– Бүгінде діни экстремизм проблемасы өзекті. Ел болып шама-шарқымызша оған қарсы күресіп жатырмыз. Ешбір мемлекет бұл қауіптен сақтандырылмаған. Ұрпақ өсіп келеді. Көбінің «рухани ұстазы» да, тәрбиелейтін «әке-шешесі» де – теледидар болып тұр. Онда көрсетілетіні – ылғи қантөгіс, сатқындық. Бала теледидардан көргенін істейді. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне зиялы қауым, қалам иелері, дін өкілдері де белсене араласуы керек. Өйткені, баланың болашағы – ел болашағы, – деді Өскемен шіркеуінің дін қызметшісі Константин Дьяков.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН
Суретті түсірген
Ғылымбек СӘБИТОВ

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59