Алматыда оқу бағдарламалары бірін- бірі қайталамайтын республикалық деңгейдегі бірқатар мектеп-интернаттар бар. Дегенмен, деңгейі осы мектептермен таласатын ерекше білім мекемесінің бірі – М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей. Аталған мектеп шәкірттерін ғарыштық зерттеулерге, жаратылыстану пәндері мен ақпараттық технологияларға бейімдейді. Осы мектепке жуырда еліміздің 14 өңірінен 100-ге тарта мұғалім жиналып, республикалық «Білім беру мазмұнын жаңартуда ұлттық инновациялық мектеп моделін құру» атты семинарға қатысты. Тәжірибе алмасу тұрғысында өткен семинарда алдымен «Метасызба» әдісімен оқытудың жаңа стратегиясы таныстырылды. лицейдің өзінде оқытудың жаңа 7 тәсілі енгізілген. Ұлттық инновациялық мектеп үлгісін құруда оқу-білім бағдарламаларын метапәнмен ұштастырудың тиімділігін дәлелдеуге көшкен білім ордасының елеңдетерліктей ерекше табыстары жоқ емес.
Метапән – стандарттық білім мазмұнымен ғана шектелмей, әр пәннің ғылыми мазмұнын жүйелеп, талдап, сараптап, зерттеу жүргізіп, өзіндік тұжырым жасауға, жеке тұлғалық іс-әрекеттің қалыптасуына, шығармашылық тұрғыда ойлауға негіз болатын инновациялық әдіс.
Сонымен, семинарда қоғамдық-гуманитарлық және эстетикалық бағыт бойынша – 15, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша 15 ашық сабақ жүргізіліп, іле-шала «Мета-
сызба» тақырыбында шеберлік дәрістері өткізілді. Республикалық жиында жаңа оқу әдістемесінің авторлары Ерұлан Жиенбаев пен Мэлс Тұрарбеков «Метапән – инновациялық мектептің оқыту құралы» атты кешенді интерпретациялық тұсаукесерлер өткізді. Мұғалімдердің қызықты басқосуы «Білім берудің инновациялық стратегиясы – жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» жобалық зерттеулер көрмесіне жалғасты.
Бір жағынан бұл семинар теорияны тек тынымсыз еңбек қана тірілтетініне ұстаздардың көзін тағы да жеткізіп отыр. Мектеп оқушыларының көп қырлы тақырыптарды игеруімен қатар, зерттеу жұмыстарын практикалық дайын өнім деңгейіне дейін жетілдіруі жоғарыдағы пайымды дәйектей түсті.
Лицей дәлізіне тізілген 30-дан астам жоба мектеп шәкірттерінің салмақты зерттеулермен айналыса алатындығын көрсетіп берді. «Кішкентай ғалымдар» жасаған құрылғылар еліміздің шалғайынан келген ұстаздар қауымын да тәнті етті.
Мектептегі «Эрудиттер» ұйымы, еліміздегі жалғыз радиостанционарлық «RadioLab» шығармашылық бірлестігі, робототехника бағытындағы «OMIX» және «Көкпар» клубтары, мектепішілік «Жас астрономдар» обсерваториялық зертханасы, «Стретчинг» физиотерапиялық клубы, онлайн режімді «Шахмат» үйірмесі, «Үнді орталығы» көрмесі, «Жас химиктер», «Алхимик», «Жас дәрігерлер», «Биозерттеушілер», «Жас сценарист» шығармашылық клубы мен 3D принтермен жабдықталған кәсіби телестудия және инновациялық зертхана жұмыстары қазіргі қазақ мектептерінің жан-жақты білімді оқушы даярлауға ұмтылысын көрсетеді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген автор
АЛМАТЫ

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53