Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде болып, арнайы экономикалық аймақтың соңғы жетістіктерімен танысты. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мамандар атқарып жатқан шаруалармен таныстыру барысында, жаңалықтардың аз емес екенін атап өтті. Мәселен, біраз уақыт шу болған «Оңай» картасын енгізудің толықтай жүзеге асып болғанын, алдағы уақытта аталған төлем картасының қолдану көкжиегін кеңейте түсуді көздеп отырғанын айтты. Қазірдің өзінде Шымбұлаққа баратындар «Оңай» картасын қолдана отырып, баяғыдай ұзын-сонар кезекке тұрудан құтылады. Сондай-ақ, төлем картасын қолданушыларға тарифті төмендету мәселесіне де тоқталды. «Бір реткі төлем мен карта арқылы төлемнің арасында айырмашылық болғаны жөн», – дейді қала әкімі. Үкімет басшысының сапары барысында КБТУ Теңіз академиясына қарасты бұрғылау тренажерінің ерекшелігі таныстырылды. Мамандардың айтуынша, бұрын бұрғылауды үйрену үшін қазақстандықтар шет елдерге шығуға мәжбүр болатын. Шет ел, әрине, қымбатқа түседі. Қомақты қаржы шығындап (1 млн 200 мың АҚШ доллары) орнатылған бұрғылау оқу-жаттығу құрылғысы әлемнің кейбір қалаларында ғана бар көрінеді. Ақпан айының 14-нен бастап 13 студент арнайы курстан өтеді. Алғашқы түлектер де солар болмақ. Өз елімізде әлдеқайда арзанға түседі деген бұл құрал арқылы тәжірибеден өтудің бір апталық курсы – 300 мың теңге. Бір артықшылығы, бұл жерден алған сертификат әлемнің кез келген елінде жарамды болмақ. Сондай-ақ, Алматының көшелеріне орнатылып жатқан жол қозғалысын бақылайтын ақылды камералар, қару сататын дүкендерге орнатылатын қауіпсіздік дабыл қағу тетіктерінің заманауи артықшылықтары сөз болды. Министрлер Кабинетінің Төрағасы «Алатау» технопаркінде орналасқан ақпараттық және электронды аспап жасау, энергияның жаңа көздерін табу, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, мұнай-газ өнімдерін өңдеу технологияларын жетілдіру сияқты салаларды дамытуға бағытталған басқа да нысандармен танысып, өз бағасын берді. Алмас НҮСІП, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Ақмола облысында 20 мың ангусқа арналған ет фермасы салынады
Экономика • Бүгін, 10:50
Атырауда «Шеберфест-2026» фестивалінде 4000-нан астам авторлық жұмыстар ұсынылды
Руханият • Бүгін, 10:27
Жүргізуші, сақ бол: Жолда бұлан бар
Қоғам • Бүгін, 10:22
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
Экономика • Бүгін, 09:59
Телефонға түсетін қысқа қоңырауларға тиым салынады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Экономика • Бүгін, 08:11
«Қар, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 07:49
Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше