Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті.
Бұл жүлдені биатлоншы қызымыз Галина Вишневская жеңіп алды. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд көрсеткішінде топ жарды.
Айта кетейік, Галина Вишевская осымен Универсиаданың екінші жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін ол 15 шақырымда жекелей сынға түсіп, күміс медаль алған. Бұл сында Алина Райкова бірінші орынға ие болған.
Қазақстан құрамасы 28-ші қысқы Универсиада ойындарының үшінші алтын жүлдесіне ие болды. Қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медалі бар жерлестеріміз қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға көтерілді.
• 02 Ақпан, 2017
Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті
Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті.
Бұл жүлдені биатлоншы қызымыз Галина Вишневская жеңіп алды. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд көрсеткішінде топ жарды.
Айта кетейік, Галина Вишевская осымен Универсиаданың екінші жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін ол 15 шақырымда жекелей сынға түсіп, күміс медаль алған. Бұл сында Алина Райкова бірінші орынға ие болған.
Қазақстан құрамасы 28-ші қысқы Универсиада ойындарының үшінші алтын жүлдесіне ие болды. Қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медалі бар жерлестеріміз қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға көтерілді.
Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Кеше