Мүмкіндігі шектеулі жанның ішкі жан-дүниесін және оған қандай жолмен қол ұшын беру керек екендігін тек осы топтың өкілі тап баса алатын шығар. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жан, есімі Орал өңіріне кеңінен танымал кәсіпкер Біржан Қожақовтың сал ауруына ұшыраған балаларға арналған қондырғы ойлап шығарғанына да осындай ізгілік тұрғысынан қараған жөн секілді. Ол дене тұрқын икемге келтіру үшін әр түрлі арнаулы қондырғылар қажет деп есептейді. Біржан бұл ойын тек ой түрінде қалдырмай, тікелей іске асырды.
Ашығын айтқанда, елімізде мұндай құрылғы шығарылмайды. Бұл жөнінен алдымен Ресейге және Түркия мен Германияға қарайлап келгенімізді жасырып қайтеміз. Ал олар қазақшалап айтқанда, әкесінің құнын сұрайды. Оны тұрмысы төмен, қарапайым отбасылар мен ата-аналардың қалтасы көтере бермейді.
Сондықтан Б.Қожақов осы олқылықтардың орнын толтыруды көздеп, ойлаған мақсатына жетті.
Аяқ-қолды тіктеуге және былқ-сылқ еткен денені икемге келтіруге көмегі тиетін қондырғыға ол Ресей өндірісінің кейбір өлшемдерін пайдаланған. Бірақ оны әжептәуір жетілдірген, оған фиксатор қосқан. Сөйтіп, әлдеқайда икемді, реттеуші тетіктері жетілдірілген қондырғыны ойластырып шығарды. Соған қарамастан балалардың сал ауруын емдеуге арналған отандық қондырғының бағасы импорттық тауарлармен салыстырғанда, 3-4 есе арзан. Қазақстандық
қондырғының тағы бір ерекшелігі, сал ауруына ұшыраған сәбилер мен балаларды қосымша қондырылған тетіктің көмегі арқылы жатқан жерінен түрегелетін жағдайға ауыстыруға болады. Осындай айрықша станоктардың алғашқы партиясын кәсіпкер Оралдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернатқа аттандырған.
– Менің мақсатым – сал дертіне тап болған балалардың аяқтарын тік басып кетуі үшін орнынан көтерілуге көмек беру. Осы тұрғыда біз ойлап шығарған аппарат-реттеуші оларға өз септігін тигізе алады деген ойдамыз, – дейді газет тілшісіне Біржан Қожақов.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:40
Кәсіподақтар федерациясы ел азаматтарына Үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 20:35
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:38
ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті
Ата заң • Бүгін, 16:58
Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды
Қоғам • Бүгін, 16:56
Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:44
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31