Таяуда Қарағандыда өңдеуші кәсіпорын ұйымдастыру бойынша өткізілген тендердің қорытындысы жарияланды. Жеңімпаз атанған «Recycling Company» ЖШС жылына 50 мыңдай ескі автомашинаны қабылдап, металдарын қайта балқытуға жіберуді мойнына алып отыр.
Қолданыстан шығып қалған көлік құралдарын кәдеге жаратумен шұғылданатын Қазақстандағы тұңғыш зауыттың құрылысы алдағы жылдың наурыз айында басталып, жарты жыл ішінде аяқталады деп жоспарланған. «Recycling Company» ЖШС зауытты италиялық заманауи қондырғымен жабдықтамақшы. Бұл қондырғының көмегімен сағатына 20-25, ауысым сайын 150-шақты жеңіл автокөлікті «еттартқыштан өткізгендей» етуге болады екен. Яғни, зауыт жыл сайын 50 мың автомашинаны қайта жаратуға болатын металл шикізатына айналдыра алады.
Ескі көліктерді металл сынықтарына айналдырмас бұрын, олар міндетті түрде техникалық сұйықтықтардан тазартылып, сыртқы пошымы тығыздалып-нығыздалып, Қарағанды облысындағы металлургиялық зауыттарға жөнелтіледі.
Бұл ескі көлігінің қаңқасынан құтыла алмай жүрген азаматтар үшін де, металл шикізатын қолайлы бағамен алғысы келетін кәсіпорындар үшін де тиімді болмақ.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Өнер • Бүгін, 23:40
Заңгерлер жаңа Конституцияның тұжырымдамасын талқыға салды
Ата заң • Кеше
Экономикалық қылмысқа қатысы барлар тізімге алынады
Экономика • Кеше