Оның құрамына Инвестициялар және даму жөніндегі, энергетика, сыртқы істер министрліктерінің, «KAZAKH INVEST» ҰК, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ өкілдері кірді.
Сауда, көлік, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар, инвестициялар, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы, исламдық қаржыландыру саласындағы және басқа да мәселелер талқыланды.
Р. Дәленов Комитеттің 3-ші отырысында сөз сөйлей келіп, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, сауда, туризмдегі малайзиялық тәжірибе Қазақстан үшін мейлінше қызығушылық тудыратынын атап айтты.
Сондай-ақ, Р. Дәленов Қазақстанның «халал-өндірушілер» жаһандық тізбегіне қосылу перспективасы туралы әңгімелей келіп, Малайзияның әлемдегі ірі халал-индустрия хабтарының бірі ретіндегі ауқымды тәжірибесін атап өтті.
Қазақстанда туристік қызметті мемлекеттік қолдаудың анағұрлым тиімді шаралары енгізілген, ол Қазақстандағы басым салалардың бірі ретінде белгіленіп отыр.
Сонымен бірге, бірнеше бағыттағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобы құрылып отыр: халал-индустрия, исламдық қаржыландыру, туризм, жаңғырмалы энергия, мұнай және газ, инвестициялық ынтымақтастық.
2016 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 82,9 млн. АҚШ долларын құрайды.
11 жыл ішінде (2005-тен 2016 жж.) Малайзияның ҚР-ға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28,2 млн. АҚШ долларын құрады. Малайзияға Қазақстандық инвестиция ұқсас мерзімде 3,0 млн. АҚШ долларын құрайды.
3-ші отырыс аясында ағымдағы жылғы 3 мамырда «New Business Opportunities in Kazakhstan» бизнес-форумы өткізілді, сондай-ақ Малайзияның ірі бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.