Қазақстан • 02 Мамыр, 2017

Қазақстандық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Румынияның Яссы қаласында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. 15 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы Әсел Серікбай әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы.

Қазақстандық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

Қызылордалық тағы бір спортшы - Назерке Нұрғали 40-тан астам жасөспірім қатысқан 13 жасқа дейінгі шахматшылар арасында күміс жүлде алды.  

«Әрине, әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұрын 9 жасқа дейін әлем чемпионы болғанмын. Содан бері жеті жыл өтті. Нәтижені тағы қайталадым. Бұл жоғары деңгейдегі шахматшылар жарысқа түскен ересек санатқа жатады.  Қызылорда облысы спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевқа және бапкерім Василий Шимелковке алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ алғашқы бапкерім Риза Төлтайқызы Қошқароваға және Қазақстан шахмат федерациясына алғысым шексіз», - деді таяуда Ташкентте Азия чемпионы атағын ұтқан Әсел Серікбай. Қыркүйекте Әсел Уругвайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Оны толықтай ҚШФ қаржыландырмақ.

Соңғы жаңалықтар