Еліміздің қалған аймақтарында полярлы атмосфералық фронттар арктиканың суық фронттарына ұласады. Осы фронттардың әсерінен, жаңбырлы, найзағайлы ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел және ауа райының салқындауы байқалады.
Егер өткен тәулік, 25 сәуірде, ауа температурасы (батыс аудандарды қоспағанда) 4-8ºС нормадан жоғары болса, 28-29 сәуірде еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында температура климаттық нормадан 2-5ºС дейін төмендейді.