Осыған байланысты Маңғыстау облыстық орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, ҚР ЭМ экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, Түпқараған ауданының ветеринария қызметінің және Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінен құралған жедел топ оқиғаның орын алу себебін анықтауда. Теңіз жануарлары өлген жердің суы мен топырағынан сынамалар алынып, арнайы зертханада тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар, Каспий итбалығының сандық динамикасын зерттеп, оның популяциясына қатер төндіретін факторларды кешенді бағалау үшін «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Гидробиология және Экология институтының мамандарымен бірлесіп, инспекция қызметкерлері Дурнев аралына экспедиция ұйымдастыруда.
Осы жылдың 16 сәуірі мен 18 мамыры аралығына жоспарланып отырған бұл экспедиция жұмысының нәтижесінде, теңіз жануарлары өлімінің нақты себептері жан-жақты зерттеліп, олардың өлім қаупін төмендету бойынша ұсыныстар мен жобалар әзірленеді.