Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

​Оңтүстік Қазақстанда «Түркі бесігі – Түркістан» байқауы өтті

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Созақ ауданында өткен «Түркі бесігі – Түркістан» байқауына ең көп кітап оқитын оқырмандар шақырылды. Бұл бастамаға Шымкенттегі Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы мен аудандық орталық кітапхана ұйытқы болды.

​Оңтүстік Қазақстанда «Түркі бесігі – Түркістан» байқауы өтті

«Түркі бесігі – Түркістан» байқауы қазақ хандығы тарихын, хандары мен билері рухын құрметтеуден туған іс-шара. Мұнда 7-15 жас аралығындағы балалардың ең көп кітап оқитыны анықталып, оларға қолдау көрсетілді. 

«Бүкіл ауылдық кітапханалардан 16 оқырман қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай өнер көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Мақсаты – кітап оқуға баулу, өзіміздің халқымыздың әдебиетін, мәдениетін, тарихын насихаттау. Байқау жоғары деңгейде өтті», – дейді Созақ аудандық орталық кітапханасының директоры Закира Парімбекова.

Сайыс үш кезеңді қамтыды.

Бұл сында Таукент кентінен келген жас оқырман Дидар Ибадулла бас жүлдені еншілеп, облыстық байқауға жолдама алды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар